Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Денсаулықты сақтау, қауіпсіздік

Денсаулықты сақтау, қауіпсіздік

1. «Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды»

Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.

         Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның себептері: көптеген балалар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін балабақшада тәрбиеші, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген ата-ана балаларды көшеге шығарып саларда «жолдан жүгіріп өтуші болма, машина қағып кетеді» деген ескертуден аса алмайды. Бұл - әрине, жеткіліксіз.

         Балалар үйден мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін ата-анасы баласына жол-жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөліп, үйреткені дұрыс. Жол көлікпен қатынасатын балаға ата-анасы жол қиылыстарынан өтуді, көлік толық тоқтағанда түсіп, мінуіне болатынын, өз аялдамасын дұрыс білуін, бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн.

Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек.Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің заттарын тартып алуы, бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т.с.с.). Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет.

         Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с. Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық.

         Құрметті ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.

2.  Әрбір адам білуге міндетті:

 -егер жану 2 минуттан асса, онда жану шыққан жерден шығып кету қажет;

 -балалар жасырынып қалуға болмайтынын, бұл қауіпті екенін түсіну керек;

 -үлкендер балаларды жабық бөлмелерде өздерін қалдыруға болмайтынын түсіну керек. Бұл бақытсыздыққа әкеліп соқтырады.

          Өрт кезінде қалай әрекет ету керектігін естеріңізге сала кетейік:

         Өрт болған жағдайда жылдамдатып өртке қарсы қызметінің «101» нөміріне телефон шалу қажет. Өрт сөндірушілерді шақыра отырып, оларға нақты түрде аудан немесе елді мекеннің атауын, көше атауын, үй нөмірін, қабатын, өрт қай жерден шыққанын айту керек. Не жанып жатқанын айқындап айту қажет. Сондай-ақ кім соғып ұрғанын, телефон нөмірін міндетті хабарлау қажет.

Егер жану ошағы кішігірім болса, онда оны нақты және сенімді іс-қимылмен сөндіруге болады. Бөлмеде мүмкіндігіңізше газ бен тоқ көздерін сөндіру керек. 

         Есте сақтаңыз: үйде әрқашан өртті сөндіру құралдары табылады, көрпе, су құятын ыдыстар мен шелектер т.б. 

Бірақ:

-         Терезелер мен есіктерді ашып қоюға болмайды, себебі таза ауа ағымы жануды күшейту қаупі бар; 

-         Желіге қосулы тұрған электржабдықтарын сөндіруге болмайды. Егер ол теледидар болса онда қызып тұрған кинескоп су құйғанда жарылуы және сізді жарақаттауы мүмкін. Оны қалың көрпемен бүркеуге немесе құммен көмуге болады. 

-         Егер сіз бірінші минуттарда отты сөндіре алмасаңыз, дереу бөлмеден шығу керек, және басқа адамдарға да шығуға көмектесу қажет. Тезарада жанып жатқан бөлмеден (ғимараттан) балаларды, қарттар мен ауру адамдарды шығаруға тырысыңыз. 

Бірінші кезекті өрт шыққан ғимараттың ішіндегі қаупі жоғары бөлмелердегі адамдарды және жоғарғы қабаттағы адамдарды шығарады. Сондай-ақ бірінші кезекте кіші жастағы балалар, кәрілер мен науқас, мүгедек адамдар шығарылады.

 Өрт кезінде түтін бөлменің жоғарғы бөлігіне жиналады және жанып жатқан заттардың улы өнімдері жылы ауамен жоғары көтеріледі, сондықтан қатты түтегенде еденге жатып мұрын мен ауызды сулы орамалмен жауып еңбектеп немесе жорғалап есікке қарай шығу қажет.

 Егерде адам үстіндегі киім жанып жатса, оны қалың көрпемен немесе киіммен бүркеп үстіне су құйған дұрыс. Отты сондай-ақ, жерге жатып аунау арқылы да сөндіруге болады, бірақ басты жақсы қорғау қажет.

 Егер саты түтеген болса, онда сатыға түтін кіріп жатқан жерді мықтап жауып, таза ауа ағымын кіргізу үшін   терезелерді ашу немесе сындыру керек. Түтеп жатқан дәліз немесе саты арқылы шығуға тырыспаңыз! Себебі түтін өте улы және жанып жатқан газдар сіздің өкпеңізді күйдіріп жіберу қаупі бар. Егер саты, дәліз өртеніп жатса немесе түтеп жатса, онда балконға шығып сырттан көмек шақырыңыз. Құтқару балкондар арқылы жылжымалы саты көмегімен жүргізеді.

          Ғимараттардың үшінші қабатынан бастап секіруге болмайды, себебі жарақат алу қаупі жоғары.

          Өрт сіздің немесе өзгенің пәтерінде, әлде тіпті үйдің басқа бөлігінде басталса да өртке қарсы қызметке соғып хабар беріңіз. Басқа біреулер береді хабар деп кутпеңіз.

          Өрт қаупі туралы ешқашан есіңізден шығармаңыз және сізбен мұндай болмайды деген ойдан аулақ болыңыз.